Павлодарда әуесқой фотографтар мен архитектор-дизайнерлер сынға түсті

Жастар өздері дайындаған жұмыстарын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Úzdik Maman» облыстық байқауы өтіп жатыр. Жарыста 14-35 аралығындағы жастар фотограф, аспаз-кондитер, макияж суретшісі, архитектор-дизайнер, ағаш ұстасы секілді бағыттарда сынға түседі.
– Болашақтың үміті болған әр саладағы жастар осы байқауға өз шығармаларын көрсетуге болады. Қатысушылар міндетті қойылған талап бойынша жұмыстарын белгіленген уақытта көрсетеді, сол күні әр саладағы мамандарды шақыртып бағалатамыз, – дейді орталық басшысы Жандарбек Қабдраш.
Алғашқы болып әуесқой фотограф пен архитектор-дизайнерлер өз жұмыстарын ұсынды.
– Мен Торайғыров университеті саясаттану мамандығының 1-курс студентімін. Өзіме жақсы әсер қалдыратын сәттерді фотоға түсірген ұнайды, осы байқауға өз туындыларымды алып келдім, – дейді Жанель Жүнісова.
Келесі кезеңде аспаз-кондитерлер патриоттық тақырыпта торт дайындайды. Әр бағыт бойынша жеңімпаздарды анықтап алған соң Республика күні байқаудың марапаттау шарасын өткізеді.
Таңнұр Әленқызы