Екінші мүмкіндік: Успен ауданында есептегі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді

Ауданда пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шараны «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен аудандық пробация қызметі бірлесе өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік көмек көрсету қағидалары, оны тағайындау тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ әлеуметтік көмек алуға құқылы азаматтардың санаттары туралы түсіндірілді.
– Әсіресе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деді ұйымдастырушылар.
Бекітілген қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға көрсетіледі. Көмектің мөлшері – бес айлық есептік көрсеткіш, яғни қазіргі таңда 19 660 теңге.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамға бейімделуіне және өз орнын табуына септігін тигізеді.