Ауа райы қолайсыздығына байланысты қалып қойған павлодарлықтар пойыздармен тасымалданады
Төрт өңірдегі трассалардың жабылуына байланысты 400-ге жуық адам ұлттық тасымалдаушының пойыздарын пайдаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл ауа райының жағдайына және Астана – Қарағанды және Астана-Павлодар учаскелеріндегі автомобиль жолдарының уақытша жабылуына байланысты.
Сарыбел, Екібастұз, Ерейментау станцияларынан және «Бурабай» курортынан 400-ге жуық жолаушы тасымалданды.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ақпараты бойынша, Сарыбел станциясынан (Қарағанды мен Астанаға дейін тасымалдау) №45 «Түркістан – Павлодар»пойызына, сондай – ақ Павлодар және Ерейментау станциясынан (Астанаға дейін тасымалдау) №7501 «Павлодар – Астана», №7509 «Павлодар-Астана»және №139 «Павлодар – Пресногорьковская»пойыздарға жолаушыларды отырғызу ұйымдастырылды.
Ведомство қолайсыз ауа-райы жағдайында жолаушыларды тасымалдауды ерекше бақылауда ұстайтындықтарын және барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, алыс сапарлардан бас тартуды сұрайтындықтарын айтты.