Павлодарда әуесқой фотографтардың жұмыстары көрмеге қойылды
Авторлар далада бара жатқан бейтаныс адамдарды кездестіріп, олардың әдемілігін сурет арқылы жеткізгісі келген, передаёт корреспондент @Pavlodarnews.kz.
«Ближний круг» – кәсіби және әуесқой фотографтардың бірлестігі. Оған белгілі фотограф Едіге Ниязовтың жетекшілігінде болған шәкірттері де кіреді. Көрмеге қойылған жұмыстарды «Atrium» сауда үйінде кез келген адам көре алады.
– Авторларды қызықтырған жандардың портреттерін тамашалауға болады. Кадралар далада, не болмаса студияда түсірілген,– деді ұйымдастырушы Марина Терещенко.
Оның сөзінше, тұлғаның мінезін бір кадр арқылы ашып көрсету өте қиын. Алайда фотографтар түрлі қырынан, көңілде сәтті тауып, адамдардың әдемілігін, жұмбақ болған бөлігін сурет арқылы жеткізе алды.
Көрмеге өзінің жұмыстарын 13 фотограф ұсынды– Марина Терещенко Елена Кожокару, Альфия Алтынбекова, Илья Величко, Катерина Фридлина, Игорь Хисамутдинов, Наталья Геннеберг, Анатолий Явлонин, Надежда Пекарева, Айгүл Төлегенова, Александра Ловина-Самошкина, Татьяна Березина, Надежда Соколова.
Көрмені 13 қаңтарға дейін көріп, тамашалауға болады.