Павлодарда ұлттық дәстүрлерді насихаттау және сақтау орталығы ашылды

Павлодарда ұлттық дәстүрлерді насихаттау және сақтау орталығы ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Балалар мен жасөспірімдер ұлттық аспаптарда ойнауды, ән салуды және тағы басқасын үйренеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында «Дос» балалар мен жасөспірімдер клубының базасында «Асыл мұра» ұлттық колорит орталығы жұмыс істейтін болады.

Орталықта қазақ күресі, халық биі, домбыра, ұлттық ойындар (асық ату, бес асық, ханталапай, тоғызқұмалақ), садақ ату, тігін өнері, сәндік-қолданбалы өнер сияқты бірнеше бағыт бойынша оқыту жоспарлануда, – дейді «Дос» балалар мен жасөспірімдер клубында.

«Дос» балалар мен жасөспірімдер клубы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл Катаев көшесі, 97 мекенжайында орналасқан «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшелерінің бірі. Орталықтың ашылу салтанатына «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінен әжелер шақырылды.

Барлық үйірмелер тегін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДПК «ЖІГЕР» БЖК (@zhiger_pavlodar)