Павлодарда Аймауытов театры қаңтарда қандай репертуар ұсынады?

Павлодарда Аймауытов театры қаңтарда қандай репертуар ұсынады?
Фото: Аймауытов театры

Балалар да базарлықсыз қалмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының осы айдағы қойылымдарының тізімі шықты. 

Тізімнің басын музыкалық ертегі – «Мысық үйі» бастап тұр. Бұл қойылым 5 қаңтар күні сағат 10:00-де және 11:30 да көрсетіледі. 

10 қаңтар күні «Ұрылар» комедиясы көрерменге жол тартпақ. Қойылым сейсенбі күні сағат 18:00-де басталады. 

Өткен жылдың соңында шығарылған театрдың жаңа қойылымы қайта қойылады. Аз уақыт ішінде бұл қойылым өз көрермендерін жинап үлгерген. 25-26 қаңтар күндері сағат 18:00-де «Ричард 3» қойылымы қайта сахналанатын болады. 

28 қаңтар күні сағат 17:00-де режиссер Р. Ақановтың «Қымбатты Елена Сергеевна!» қойылымы көрсетілмек. 

Ал 31 қаңтар күні дәл осы режиссердің «Қара шекпен» қойылымы көрерменге жол тартады.