«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Астықты аудан ахуалы. Жылыту маусымы – басты назарда

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Астықты аудан ахуалы. Жылыту маусымы – басты назарда

@Pavlodarnews.kz обылстық «Saryarqa samaly» газетінің 18 сәуір, сейсенбілік нөміріне аңдатпа ұсынады.

Астықты өлке саналатын Железин ауданында көктемгі егіске дайындық қызу. Жалпы, өңірдегі шаруалар дала жұмыстарына білек сыбана кірісіп еді. Ауа райының соңғы күндердегі «тосын сыйы» диқандарға пайдалы бола ма? 

Биылғы жылыту маусымының аяқталуына санаулы күндер қалды. Сондықтан станциялардың басшылығы қазірден-ақ қазандықтар мен желілерді жөндеу жұмыстарын пысықтап жатыр. Оның нәтижесі қандай болмақ? Екібастұздағы жағдай қайталанбай ба? Қоғамдық кеңес өкілдері осы мәселені талқылады. 

Биыл көрнекті ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың туғанына 95 жыл толып отыр. «Баянауыл вальсі», «Қайдасыңдар, достарым» сынды ел арасында кеңінен танылған әндердің сөзін жазған ақынның мерейтойына орай ертеңгі нөмірде арнайы айқарма жарық көреді. 

Соңғы уақытта қызылша дерті асқынып тұр. Жұқпалы аурудан қорғанудың жолы қандай? «Шипагер» арнайы бетінен оқи аласыздар. 

Сейсенбілік нөмірде осы және өзге де мақалалар жарық көреді. Сондықтан жаңа шығарылымнан көз жазбаңыздар.