25 сәуірде Павлодар облысында жел болады

25 сәуірде Павлодар облысында жел болады
Фото: Константин Шелков

Күндіз найзағай ойнайды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, күн бұлтты болады. Күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.