Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша өшіріледі

Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл су құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 24 шілдеде Курская және Азовская көшелері қиылысында ысырманы ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда су болмайды:

  • Қамзин көшесі: 246 (№21 ОБМ), 348, 348/1 («Bulan» монша кешені), 350; 
  • Назарбаев даңғылы: 285; 
  • Курская көшесі: Азовская көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі тұрғын үйлер. 

Кәсіпорын тұрғындарға алдын ала су қорын жинап қоюды ұсынды. Жөндеу жұмыстары сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.