Екібастұз тұрғындарына қызықты заттармен алмасу ұсынылды

Екібастұз тұрғындарына қызықты заттармен алмасу ұсынылды
Фото: pexels.com / Dalia Al-Refai

Басты талап – әкелінген заттардың таза әрі қайта пайдалануға жарамды болуы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 27 тамыз күні ерекше жәрмеңке – «Дармарка» ұйымдастырылады. 

Бұл шара тұрғындарға қажетсіз заттарына жаңа өмір сыйлауға мүмкіндік береді. Қатысушылар өздеріне ұнаған дүниені алып, орнына таза әрі жарамды күйдегі киім, аяқ киім, кітап, ыдыс-аяқ, ойыншық немесе әшекей бұйымдарын әкеледі.

Жәрмеңке «Қазақстан» алаңында сағат 11:30-дан 13:00-ге дейін өтеді.