Павлодардың ауылдық мектептерінде Илон Масктың ғаламторы орнатылады
Жылдамдығын «жақсы» мәніне дейін арттырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім басқармасы цифрлық технологиялар басқармасымен бірге 2025 жылға арналған ведомствоаралық жоспар құрды. Міндеттердің бірі – өңірдің ауылдық мектептерінде интернет жылдамдығын арттыру.
– Биылғы жылы 33 мекеме Starlink спутниктік желісіне қосылу бойынша сынамалы жобаға қатысуда. Павлодар облысының ауылдық мектептеріндегі интернет жылдамдығы секундына жүз мегабитке дейін өсуі тиіс. Қалған 77 мектепте цифрлық даму министрлігінің «қолжетімді интернет» бағдарламасы бойынша оптикалық-талшықты желілер салынады. Бұл ақпаратты берудің ең жылдам әдісі. Жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады, – деді баспасөз орталығы.
Барлық конкурстық рәсімдер өтіп үлгерді, олардың қорытындысы бойынша облыс аудандары бойынша интернет-провайдерлер таратылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, , ғаламдық сымсыз интернет спутниктік жүйесін Илон Масктың «SpaceX» компаниясы іске қосты.