Павлодар облысында аталық үйректер мен құрларды аулау маусымы басталады

Павлодар облысында аталық үйректер мен құрларды аулау маусымы басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктемгі аң аулау маусымы кестесі жарияланды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өңірдің аңшылық шаруашылықтарында аталық үйректер мен құрларды аулау мерзімдері жайлы ақпаратпен бөлісті. 

20 сәуір - 4 мамыр аралығында (қоса алғанда) Ақтоғай ауданының аумағында орналасқан «Разумовское», «Ивановское», Железин ауданының «Зеленая роща», «Захаровское», «Озерное», Ақсу қаласының «Ақсу», Екібастұз қаласының «Жасыл тоғай», Май ауданының  «Май», «Бестау», Баянауыл ауданының «Баянауыл», «Южное», «Ұзынбұлақ», «Жаңа жол», Павлодар ауданының «Черноречное», «Заңғар», «Маралды», «Ольгинка», Успен ауданының  «Лозовское», Железин ауданының «Березовское» аңшылық шаруашылықтарының аумағында аңшылыққа рұқсат етіледі.

27 сәуір - 11 мамыр аралығында (қоса алғанда) Тереңкөл ауданының аумағында орналасқан «Трофимовское», «Львовское», «Качирское», Ертіс ауданының «Ертіс», «Панфиловское», «Сілеті», «Жарбұлақ», «Қызылқақ» аңшылық шаруашылықтарының аумағында аталық үйректер мен құрларды аулауға болады.