Павлодар облысында бас дәрігерлер тұрғындармен кездеседі
Кездесу бүгін, 26 мамыр күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бас дәрігерлер барлық емханалар мен аудандық ауруханаларда халықпен кездеседі.
Өңірдің әрбір тұрғыны өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша сұрақ қойып, кеңес ала алады. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады.