Павлодар облысында қар мен бұрқасын күтіледі

Павлодар облысында қар мен бұрқасын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер өңірдің батысы мен солтүстігінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап 19 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін өңірде дауылды ескерту жарияланды. 

19 желтоқсанда күндіз облыстың батысында және солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, аталған аумақтарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.