Павлодарлық іздеушілер қаза тапқан жауынгердің туыстарын іздейді

Жауынгердің мойынтұмарындағы мардымсыз мәліметтерден сұраулы ақпарат табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Майдан жолы» іздеу-зерттеу отрядының командирі Александр Шитовқа Мәскеулік «Әскери археология» отрядының әріптесі Антон Торгашев көмек сұрап хабарласты.
Польшада Подляцкое воеводствосынан еріктілер қаза тапқан жауынгердің сүйегін тауып, қазып алған. Сарбаз медальонындағы ішкі параққа жасалған сараптамалық зерттеудің арқасында қызыл әскердің жеке басын анықтау мүмкін болды. Ол – 1917 жылы туған, Қазақ КСР-інің Барзатулинский немесе Барлатукинский ауданы, Сорамик ауылының тумасы, Джелес(к)аев немесе Жылысбаев Авдувалей. Туысының тегі – Жанб(у)(е)баев Кимсай.
Павлодарлық еріктілер қызыл әскердің туыстарын іздеуге көмек көрсетуді сұрайды. Ақпаратты 8-777-461-73-78 телефоны арқылы немесе alex.shitov@mail.ru электрондық поштасына хабарлауға болады.