Павлодарда зағиптар қоғамы үшін жаңа ғимарат салынады
Нысан заманауи құрал-жабдықтармен жарақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнының тағдыры туралы сұраққа жауап ретінде айтып берді.
— Мен әкіммен кездестім. Әкімдік жаңа ғимарат салу мен жаңа жабдықтарды жеткізу жауапкершілігін өз мойнына алады, - деп мәлімдеді министр.
Аталмыш кәсіпорында 1966 жылы шығарылған жабдықпен 40 мүгедек адам жұмыс істейді. Ғимараттың бір бөлігі ғана пайдаланылады. Оны ауыстыру кезінде жабдықты қайта жинау мүмкін емес деген алаңдаушылық бар.
Сондай-ақ, министр зағиптар қоғамына қызметкерлерді тасымалдау үшін автобус бөлінетінін айтты.
— Сіздің мүдделеріңізге зиян келтірмейміз, - деп сендірді Светлана Жақыпова.
Естеріңізге сала кетейік, Усолка шағын ауданында 1200 орындық жаңа мектеп салуға екі жер учаскесі бөлінді. Онда «Қазақ зағиптар қоғамы» атты қоғамдық бірлестігі бар.
Айта кетейік, жаңа білім беру мекемесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына енді.