Павлодарлық кәсіпкерге арнайы білдектерді өндіруге грант берілді

Павлодарлық кәсіпкерге арнайы білдектерді өндіруге грант берілді
Фото: petropavlovsk.admir.kz

Ол алынған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түсіндірме жұмыстары шеңберінде бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау алушыларды аралауды жүзеге асырады. 

– 2023 жылы «Арман» жеке кәсіпкерлігі конкурстық қарау қорытындысы бойынша ірі қара мал және жылқыларды бекітуге арналған кәсіби (станоктар) салмақ бекітпелерін өндіру үшін грант ұтып алды, – дейді баспасөз орталығында.

Ескерте кетейік, 5 миллион теңгеге дейін грант беруге арналған конкурс жыл сайын өткізіледі. Ағымдағы жылдан бастап гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне берілетін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар облысының КИИДБ (@upiir_pavlodar)