Павлодарлық кәсіпкерлер сауалнамаға шақырылады

Сауалнама орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелерін бағалау үшін жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін ҚР «Атамекен» ҰКП тарапынан ҚР «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Заңының (10-бап, 2-тармақ) негізінде жүргізіліп жатқан сауалнамаға қатысуға шақырады.
– Бизнес-климат» рейтингі – бұл мемлекеттік органдардың бизнес жүргізуге жағдай жасау бойынша орталық және жергілікті деңгейлердегі жұмыс нәтижелерін бағалау мен салыстыруға бағытталған тәуелсіз зерттеу. Зерттеу 2013 жылғы 4 шілдедегі №129-V ҚР «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі және «Атамекен» ҰКП-ның өз күшімен, сыртқы зерттеу ұйымдарын тартусыз жүзеге асырылады, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, сауалнаманың мақсатты аудиториясы – шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, соның ішінде жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары. Ақпарат жинау шағын және орта бизнес өкілдері арасында онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі.
– Зерттеу барысында қатысушылардан алынған жеке және байланыс деректерінің құпиялылығы толық сақталады. Бизнес-климатты бағалау үшін 4 балдық шкала қолданылады: 1 – ең төменгі көрсеткіш, 4 – ең жоғары көрсеткіш, – деді палатада.
Бағалау критерийлері:
Шағын бизнес үшін:
- жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы;
- бизнестің қажеттіліктері мен мәселелерін талқылауға жәрдемдесу;
- ЖАО-ның (Жергілікті атқарушы органдардың) жұмысының тиімділігі;
- бизнес мәселелерін шешуге көмектесу;
- мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі;
- қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының қолжетімділігі мен тиімділігі;
- сыбайлас жемқорлық деңгейі.
Орта бизнес үшін:
- инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;
- инвестиция тарту және инвестжобаларды қолдау бойынша әкімдіктің қызметі.
Сауалнаманы шағын және орта бизнес өкілдері гиперсілтемелер бойынша өте алады.