Тереңкөлдіктер Мемлекет басшысының Жолдауын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Томарлы ауылдық округінің жастары Президенттің бастамаларын толық қолдайтынын білдірді.
– Бұл маңызды құжат жастар үшін үміт пен жігер сыйлаған үндеу болды. Жасанды интеллект министрлігін құру және цифрландыруды ілгерілету – ауыл жастарына білім мен жаңа технологияларға қол жеткізіп, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді ауыл жастары атынан сөз алған өкіл Рашит Нұрбеков.
Ол Алатау қаласына цифрлық қала мәртебесін беру – елдің алға ұмтылысын көрсететінін атап өтті.
– Біздің сенім бойынша, келешекте Павлодар өңірі де цифрлық даму орталығына айнала алады. Бұдан бөлек, банк заңнамасын реформалау және Цифрлық кодекс қабылдау – ауыл кәсіпкерлеріне ашық әрі әділ жұмыс істеуге жол ашады, – деді ол.
Жастар мемлекеттік цифрлық активтер қоры (крипторезерв) құрылуы – жаңа қаржылық мүмкіндіктер көкжиегін ашатынын, Томарлы жастары бұл экономикаға белсене атсалысқысы келетінін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, олар жаңа АЭС салу және инфрақұрылымды дамыту – елдің энергетикалық қауіпсіздігімен қатар, жастар үшін жаңа жұмыс орындары мен тұрақты болашақ кепілі болатынын алға тартты. .
– Парламентті бір палаталы органға көшіру және референдум өткізу бастамасы – азаматтардың ел тағдырындағы рөлін күшейтеді. Жастар өз дауысының естілуін қалайды. Біз Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз, – деді Нұрбеков Рашит.
Сонымен қатар, ол Президенттің жаһандық өзгерістер дәуірінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету миссиясы – жастарға өзіне сенім мен болашақтағы орнықты бағдар беретінін атап өтті.