Павлодарлық музыканттар Бүкілресейлік байқауында жеңіске жетті

Колледж студенттері жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, қатаң бәсекелестікте жеңді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Музыкалық колледж студенттері Мансұр Сұлтановтың 150 жылдығына арналған үрлемелі және соқпалы аспаптар орындаушыларының Бүкілресейлік байқауында жеңімпаз атанды.
Әр түрлі елдердің аймағынан келген музыканттарды жинаған байқау музыкалық өнер әлеміндегі жарқын оқиға болды. Павлодарлық орындаушылардың терең дайындық, еңбекқорлық және өз таланттарын көрсетуге деген ұмтылысы оларды жеңімпаз етті. Жас музыканттар жоғары білікті қазылар алқасының ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша Түрегелді Жасұлан бірінші дәрежелі лауреат атанды, ал Магомет Өміржан үшінші орынға ие болды.
Үрлемелі және соқпалы аспаптар бөлімінің студенттері классикалық және заманауи репертуардан күрделі шығармаларды орындады. Қатысушылардың кәсіби орындаушылығы техникалық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар музыкалық шығармаларға деген терең түсініктерін де көрсетті.
Мансұр Исламұлы Сұлтановтың 150 жылдығына арналған байқау жас музыканттар үшін өздерінің қабілеттерін көрсетуге және Ресейдің музыкалық сахнасында өздерін танытуға тамаша мүмкіндік болды.