Азап шекпейді: Павлодарлық дәрігерлер ауырсынуға қалай тосқауыл қояды?

Азап шекпейді: Павлодарлық дәрігерлер ауырсынуға қалай тосқауыл қояды?
Фото: Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханадан

Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың дәрігерлері ауырсынуды емдеуде заманауи технологияларды өз тәжірибелеріне белсенді енгізуде. Олар бұл бағытты 2023 жылдан бері қолданып келеді. @Pavlodarnews.kz тілшісі пациенттердің ауырсыну сезімдеріне қалай тосқауыл қоятынын анықтады.

Ауырсынуды емдеу орталығында аймақ тұрғындарына әртүрлі неврологиялық патологиялар – арқа проблемалары, тірек-қимыл аппараты, перифериялық нервтердің қысылған нейропатиялары және созылмалы ауырсынуды тудыратын басқа жағдайлар бойынша кеңес беріледі. Екіншіден, дәрігерлер консервативті және дәрілік терапияны таңдайды. Үшіншіден, ауырсынуды интервенциялық емдеу жүргізіледі – емдік-диагностикалық блокадалар қойылады және кейіннен пациенттерді бақылайды.

2023 жылы облыстық аурухананың неврология бөлімінде анестезиологтар жаңа технологияларды енгізуді бірнеше процедуралардан бастады. Аурухана пациенттерінен жақсы нәтиже мен оң пікірлер алғаннан кейін дәрігерлер бұл бағытты одан әрі дамытуды қолға алды. 

– Ультрадыбыстық технологиялардың бір бағыты – блокада. Бұл омыртқаның созылмалы ауырсынуы бойынша әртүрлі дегенеративті аурулары – (жарық) грыжа, протрузия, сондай-ақ, қатты ауырсынуды емдеу үшін қажет, – деді анестезиолог-реаниматолог Андрей Прошунин.

Блокада – бұл анестетикті жүйке ұштары аймағына, ауырсыну аймағына енгізіп, ауырсынуды сезінуді уақытша  тоқтатуға мүмкіндік беретін емдік-диагностикалық әдіс. Оның әсері бірнеше айдан алты айға дейін жетеді.

Мәскеудегі ауырсынуды емдеудің ірі орталығында өткен тағылымдамадан, басқа да орталықтарда өткен оқудан кейін дәрігерлер Павлодарда осындай мекеме ашу туралы ойлана бастаған. Олар көрсетілетін қызметтердің ауқымын кеңейтті, енді оған ультрадыбыстық навигация мен рентгендік бақылаудағы блокадалар кірді. Ауырсынуды емдеу көпсалалы тәсілді қажет етеді, сондықтан анестезиологтар мен невропатологтар бірігіп жұмыс істейді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда басқа да арнаулы мамандарды, соның ішінде қалалық стационарлардан шақырады, Астананың жетекші клиникаларындағы әріптестерімен кеңеседі.

– Көбінесе пациенттер омыртқаның, белдің ауырсынуы деген шағымдармен жүгінеді. Оны жарық, омыртқааралық дискілердің шығуы, фасеттік буындардың артрозы, сакроилиак артикуляциясының артрозы тудыруы мүмкін, – деп түсіндірді дәрігер. – Сондай-ақ, тізе немесе жамбас буындарының ауырсынуымен келеді. Үшінші орында – перифериялық жүйкелер зардап шеккен кездегі әртүрлі нейропатиялар. 

Жүйке жүйесінің патологиясы тұрақты монотонды жұмыстан туындауы мүмкін. Мысалы, қолдардағы бұлшықет кернеуінің жоғарылауы компьютерлік тышқанмен ұзақ уақыт жұмыс істеуден туады. Адам саусақтардың ұюын немесе шаншуын, қолдың ауырсынуын сезінеді.

– Бұл жағдайда радиалды буын деңгейінде ультрадыбыстық навигация астында медианалық жүйке блокадасын жасаймыз, – дейді Андрей Прошунин. – Ультрадыбыстық бақылаумен біз ерітіндіні енгіземіз, жүйке каналда біршама босатылады, осыған байланысты ісіну азаяды және уақыт өте келе жүйке қалпына келеді. Аймақтағы бұл бірегей процедура тек біздің ауруханада жасалады. 

Ауырсынуды емдеу орталығында блокада шынтақ буыны деңгейінде де жасалады. Білек пен шынтақ – нервтерді қысып, нейропатияға әкелетін негізгі қысу орындары.

Андрей Прошунин пациенттер орталықта жырақ мен протрузия кезінде алатын емдік-диагностикалық блокадаларды монотерапия деп санамайды. Болашақта арқа бұлшықеттерін нығайту үшін дәрі-дәрмекпен емдеу, физиотерапия, жаттығулар, сонымен қатар басқа әдістер қажет, соның ішінде дәрумендер, дұрыс тамақтану, дене салмағын бақылау. Ауырсынуды емдеу орталығының дәрігерлері пациенттермен жұмыс кезінде кешенді тәсілді қолданады. Сондай-ақ, облыстық ауруханада ультрадыбыстық навигациямен операциядан кейінгі анальгезия жүргізіледі, өйткені хирургиялық емдеуден кейінгі алғашқы күні қатты ауырсыну болады.

– Тізе буынын протездегеннен кейін пациентке тері астындағы жүйке блокадасын жасаймыз, – дейді Андрей Прошунин. – Бұл операциядан кейінгі алғашқы күндерде ауырсынуды жеңілдетуге мүмкіндік береді, демек, анальгетикалық есірткіге деген қажеттілік те болмайды. Кешке немесе келесі күні таңертең пациент өзі тұрып, жүре алады.

Заманауи технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, хирургияда, гинекологияда үлкен қуыс операцияларында ауырсынуды жеңілдетуге және пациенттің тез қалпына келуіне көмектесуге болады.

– Біз кеуде омыртқасынан бастап төменгі аяқ буындарына дейінгі барлық деңгейлерде интервенция жасаймыз, – дейді анестезиолог. – Бұл бағыт Қазақстанның басқа өңірлерінде енді дамып келеді, ал кейбір облыстарда мұндай процедуралар мүлдем жүргізілмейді. Сондықтан басқа өңірлердің тұрғындары бізге жиі жүгінеді. Процедура –амбулаториялық, науқастар таңертең келіп, емделіп, бірнеше сағат бойы бақылауда болып, үйлеріне қайтады. Әрі қарай телефон арқылы байланыста боламыз.

Облыстық аурухананың дәрігерлері осы бағытты дамытуға, көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге, процедуралардың сапасын жақсартуға және дәрігерлердің одан әрі кәсіби дамуына үлкен көңіл бөледі.  

Ауырсынуды емдеу орталығына барып, алғашқы кеңес алу үшін 8 (705)122-12-31 телефон нөмірі бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін қоңырау шалып, жазылуға болады.

23.01.2012 ж. Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы берген № 00986 DS лицензиясы
Жарнамалық материал