Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыстың сырлары туралы кітап жарық көрді

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыстың сырлары туралы кітап жарық көрді
Фото: автор

Әдеби роман облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен жарық көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ресми тұсаукесері С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өтті. Жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымбек Жұматовтың кітабы «Ленинград: от пен мұз» деп аталады және Екінші дүниежүзілік соғыстың аз зерттелген фактілері мен жаһандық қақтығыстың басталуына қатысты құпияларды зерттейді. Романның басты кейіпкері – әкесі арқылы автор Ұлы Отан соғысының басты ұрыстардың бірі – Ленинград шайқасын баяндайды.

Кітап облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен жарық көрді. Облыстық өкілді органның төрағасы Илья Теренченко мұндай еңбектердің өскелең ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.

- Бүгін біз шын мәнінде Жеңіс күнінің 80 жылдығында жарық көрген мықты басылымның шыққанына куә болып отырмыз, - дейді Илья Теренченко. – Автордың мақсаты – тарихымызды, оқиғаларды, халықты, батырларымыздың ерлігін мәңгілікке қалдыру. Аталарымыз бен әкелеріміз бүгінгі бейбітшілік пен келісімге орасан зор үлес қосты. Біз бүгін тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз, жастарға бейбіт өмірдің қадір-қасиетін түсінуге көмектесетін де дәл осындай кітаптар.

Облыстық мәслихат басшысы мұндай құнды еңбектер қосымша басылымдарды қажет ететінін де қадап айтты. Өз кезегінде жазушы, «Ақбеттау» журналының бас редакторы Сайлау Байбосын да әріптесін кітаптың жарық көруімен құттықтады.

- Өз заманында әкелеріміз бен аталарымыз Отанын қорғау үшін қан төккен, бұл соғысты «Отан соғысы» деп айтуға болмайды дегендерді түсінбеймін. Ол кезде біздің ата-бабаларымыз үшін бір-ақ Отан, бір ғана идеология болған». Әкелеріміз «Отан үшін!», «Сталин үшін!» деп ұрысқа аттанған, соны біле тұра, неге бұл соғысты Отан соғысы деп атауға болмайды?

Жазушы Ғабит Сапаров мұндай іргелі еңбек үлкен тиражды қажет ететінін атап өтті. Ол кітап өңіріміздегі әрбір мектепте, кітапханада болуы керек деп санайды. Ал ақын, журналист Айбек Оралхан бұл кітапта автордың қажырлы еңбегін жан-жақты айтып берді.

- Автор өте қауырт жұмыс жасады, роман қатаң хронологиялық түрде баяндалады. Бірақ алдымен оқырманға соғыстың шығу тарихына егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады, автор жаһандық қақтығыстың себептерін талқылайды және олар бізге үйреткендей анық емес. Сонымен қатар, Ғалымбек Жұматов әрі қарай кеңестік сарбаздар арасындағы қарым-қатынасы, бір мақсатпен біріктірілген кейіпкерлердің жаумен арпалысқаны арқылы романның екінші, негізгі бөлігі өрбиді, - дейді Айбек Оралхан.

Бір айта кетерлігі, жазушының әкесі мен оның ағасы Нығмет Жұматов іргелес аудандарда соғысып, Ленинград қоршауын алып тастауға екеуі де басты рөл атқарды. Ефрейтор Сағымбай Жұматов 1943 жылдың жазында ауыр жараланып, демобилизацияланса, артиллерияда қызмет еткен ұлы Нығмет Ленинградты түпкілікті азат етуге түрткі болған Пантера-Вотан шебін серпілуге қатысты.

Ленинград үшін шайқас – Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі ең ірі, ең қанды әрі әскери-саяси тұрғыдан аса зор маңызды парағы. Дейтұрғанмен, бұл көп айтыла қоймайтын майдандардың бірі. Тағдырдың тәлкегімен үш революцияның отаны болған шаһар үшін шайқасқа әкелі-балалы Сағымбай мен Нығмет Жұматовтар қатысты. Қатысып қана қоймай, Ленинград блокадасын бұзып өтуге жол ашқан 1943 жылғы «Искра» және 1944 жылғы Ленинград-Новгород секілді аса маңызды операцияларға белсене қатысқан. Нығмет Жұматов болса, жаудың Пантера – Вотан шебін бұзу кезінде қаза тапты.

Шығармада осы аталған кейіпкерлердің майдандағы ерліктері, замандастарымен қарым-қатынастары, командирлерінің іс-әрекеттері арқылы Солтүстік майдан тарихы ашылады. Олармен бірге КСРО мен Нацистік Германия саяси және әскери басшылықтарының соғыс алдындағы жоспарлары, соғыс жүріп жатқан кездегі шешімдері мен басқа да әрекеттерінен мәліметтер келтіріледі.