Павлодарлық жас суретшілердің жұмыстары Қырғызстанда плэнерге қойылды
Балалар көркемсурет мектебі оқушылары алғаш рет Қырғыз Республикасындағы "Ыстық Көл балалар көзімен" халықаралық слеті мен пленэр практикасына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шара Ыстықкөл облысы Сарыой ауылы Ыстықкөл көлінің маңындағы "Барчын" Халықаралық балалар лагерінде өтті.
Жас суретшілер Қырғыз Республикасына 7 күндік лагерьге барып қайтты. Әр күн түрлі іс-шаралармен ерекшеленді. Бірінші күні балалар өздерін таныстырып, басқа қатысушылармен танысты. Лагерьдің бірінші маусымының 500 қатысушысынан тұратын слетке павлодарлық балалар Қазақстаннан келген жалғыз команда болды.
– Керемет ұмытылмас сапар болды. Бізге Қырғызстанның табиғаты, таулары, Ыстықкөл көлі, қонақжай ақкөңіл адамдары ұнады. Ыстықкөл – мен көрген жылы, биік таулы көл, – дейді топ жетекшісі Валентина Степанко.
Балалар өздерінің шығармашылығы мен дизайнерлік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды, кішкентай тастардан олар авторлық кәдесыйлар орындады. Тапсырыс бойынша жұмыстар да жасалды.
Блогерлер күнінде өздері және лагерьде өткізген күндері туралы бейнелер түсіріп, монтаждады. Милана Жагипарова жақсы нәтиже көрсете білді.
Пленэр жұмыстарының қорытынды көрмесіне павлодарлық оқушылардың барлық жұмыстары қойылды. Суреттерде Ыстықкөлдің, түкті шыршалардың, шексіз аспанның, Тянь-Шань тауларының бейнесін байқауға болады.