Павлодарлықтар елордадан жүлделі оралды

Жарысқа барлығы үш мыңнан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүрегі-2025», Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар келді. Аты аңызға айналған Виктор Бондарь бастаған павлодардықтар да ауқымды шарадан тыс қалмады.
- Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды: ыңғайлы старт пен мәре алаңдары, еріктілер, музыка, маршрут бойынша көрермендердің қолдауы. Ең бастысы - көтеріңкі көңіл-күй. Қашықтықтың ең қиын учаскелерінде барлығы бір-біріне сыйластықпен қарады, - деп еске алады қатысушы Арман Тұрсынов.
Павлодарлықтар барлығы жеті жүлделі орынға ие болды. Бірінші болып Виктор Бондарь, Марина Шнайдер және Татьяна Миргородская, екінші орындарды Юрий Тенковский, Ирина Салыкова иеленді, ал Арман Тұрсынов үшінші болып мәреге жетті. Соңғысы жалпы есепте сегізінші, 18-29 жас аралығындағы спортшылар арасында үшінші орын алды.