Қазақстан футбол федерациясы «Ертіс» футбол клубын жандандыруға көмектеспек

Қазақстан футбол федерациясы «Ертіс» футбол клубын жандандыруға көмектеспек

Асайын Байханов федерация президенті Әділет Назарбайұлымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Әділет Барменқұловты қабылдап, ҚФФ президентімен өңірдегі балалар-жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамыту перспективаларын талқылады.

- Федерация Павлодар облысында бар футбол алаңдарын жаңарту және жаңаларын салу бағдарламасын іске асыра отырып, оған жәрдемдесетін болады. Енді біздің алдымызда үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр. Осының нәтижесінде спортпен шұғылданатын кішкентай және үлкен жастағы әуесқойлардың жеңіске жететініне сенімдіміз, - деп жазды Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар, Әділет Назарбайұлы «Ертіс» футбол клубын жандандыру идеясын қолдап, оны жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді.