«Ertis» футбол клубына жаңа директор тағайындалды
Бұл лауазымға Даур Ергабулов ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Бүгін Даур Қуатұлы футбол клубының ойыншыларына, жаттықтырушылар құрамына және ұжымына таныстырылды. Ол көрсетілген сенім үшін өңір басшылығына алғыс білдіріп, павлодарлық футболдың игілігі жолында нәтижелі жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті, – деді ведомствода.
Даур Қуатұлы – өңірдің спорт саласында еңбек еткен, басқарушылық тәжірибесі қалыптасқан маман. Әр жылдары «Астана» мұз сарайы директорының орынбасары, жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі қызметін атқарып, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы, Павлодар облысының дене шынықтыру және спортты дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарды.