Павлодарлық каратэшілер Түркиядан жүлделі оралды
Бұл елде Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Бірлік» спорт клубының мәліметінше, Анталия қаласында Ашихара Каратэ АИКО бойынша Азия чемпионаты өтті. Бұл чемпионтқа Азияның 16 елі қатысты. 21 спортшы Қазақстанның намысын қорғап, Біріншілікке қатысты. Жарыс үш бөлімде өтті: Ката, Кумитэ және Фулл-Контакт.
Байқау қорытындысы бойынша, павлодарлық спортшылар төрт жүлдемен оралды. Кумите бөлімінде Аида Теміржанова мен Алина Руденко күміс жүлде еншілесе, Надежда Романченко қола жүлде алды. Ката бөлімінде Алина Руденко қайта бақ сынап, қола жүлде иегері атанды.
Айта кету керек, жалпы есепте Қазақстан спортшылары үшінші командалық орынды иеленді. Ел командасының еншісінде 11 алтын бар.