Павлодарлықтар ерекше көрменің куәсі болмақ
Облыс орталығында «Тәуелсіздік жылдарындағы Ертіс өңірінің археологиясы» атты тарихи көрме ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көрменің ашылуы Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде болады. Экспозиция қатарына қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі экспонаттарды көруге болады. Мәселен, андронов мәдениетінің керамикалық ыдыстарын, қимақ сауыттарының реконструкциясын және т.б. павлодарлықтардың назарына ұсынылады.
Көрме 8-20 тамыз аралығында күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетелік, халықаралық жастар күнінде кіру тегін болмақ.