Павлодарда конькимен сырғанау маусымы ашылмақ
Бұл оқиға қараша айының соңғы демалыс күндеріне жоспарланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
28 қараша күні «Астана» мұз сарайында конькимен жаппай сырғанау маусымының ашылуы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары сағат 18:00-ден 19:30-ға дейін мұз айдынында сырғанай алады.
Коньки жалға алумен бірге кіру құны ересектер үшін – 1200 теңге, балалар үшін – 600 теңге. Өз конькиімен келгендерге билет бағасы тиісінше 1000 және 500 теңге.
Ұйымдастырушылар келушілерге сырғанау басталғанға дейін 20–30 минут бұрын келуді, сондай-ақ қолғап пен жылы шұлық алуды ұсынады.
