Шарбақтылық спортшы ел чемпионатында қолаға қол жеткізді

Шарбақтылық спортшы ел чемпионатында қолаға қол жеткізді
Фото Константин Шелков

Ол күреспен 13 жылдан бері айналысып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарбақты балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жанель Байсалбаева Талдықорғанда өткен қазақша күрестен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Спортты Жанель 11 жасынан бастаған. Алдымен ол белбеу күресімен, кейін дзюдомен айналысқан. Жылдар бойғы қажырлы жаттығу өз жемісін берді. Балуан қыз аудандық, облыстық және республикалық турнирлерде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Тәлімгері Қанат Құлмырзиннің айтуынша, Жанель Шарбақты БЖСМ секциясына 2019 жылы келген.

– Менің оқушым Анжела Гуз белбеу және дзюдодан күрес бойынша спорт шебері болса, Әділхан Бүркітбаев, Сапар Мавлаев, Жанат Айтжанов Қазақстан Республикасының спорт шеберлері атағын алды. Көптеген оқушыларым қазір жаттықтырушы болып, болашақ чемпиондарды дайындауда, - дейді тәлімгері. – Шын мәнінде, балалармен жұмыс істеу оңай емес, мұнда сіз тек жаттықтырушы ғана емес, сонымен қатар кейбір жағдайларда ата-ана, психолог рөлін атқаруға тура келеді.

Жанель Байсалбаева жаттықтырушысына дайындығы үшін алғысын білдіріп, келесі жеңісін оған арнайтынын айтты.