Павлодарда «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Павлодарда  «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді
Фото ашық дереккөзден

Тыңдауды департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасынан тікелей эфирде де көруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәлімдеуінше, жария тыңдауда тұтынушыларды суды таратушы желілер арқылы беру,  сарқынды суды бұру және тазарту жөніндегі қызметтерге «Павлодар-Водоканал» ЖШС тарифтерінің жобалары қаралады.

Жария тыңдау 15 тамыз күні сағат 11:00-де Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі, 136, 7-қабат, акт залында өтеді.

- Осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Тікелей эфир департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562) өтеді.

Қосымша ақпаратты департаменттің 787098 анықтама телефоны арқылы білуге болады.