Павлодарлықтар хит әндерді шырқап, көңіл көтере алады
Жастар орталығында музыкалық сайыс өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш іс-шара 18 қазан күні сағат 18:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылады.
– Сіз музыка мен көңіл көтергенді ұнатасыз ба? Онда бұл сіздің мүмкіндігіңіз! Музыкалық бингоға қосылыңыз, әр уақыттың хиттерін шырқап, картаңыздағы әндерді бояңыз! – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушыларды музыкалық шайқас, хит әндер, достармен көңіл көтеру және жаңа адамдармен танысу мүмкіндігі күтеді.
Іс-шараға жазылу үшін +7(771)130-32-73 WhatsApp нөмірі бойынша жазу керек.