Павлодарда нумизматтар теңге мен монеталар коллекциясын назарға ұсынады

Павлодарда нумизматтар теңге мен монеталар коллекциясын назарға ұсынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар ақшаның шығу тарихымен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 қарашада сағат 11:00-де «Ertis» музейінде Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық валюта - теңге» көрмесінің ашылуы өтеді.

– Кез келген мемлекет өз валютасының тарихын қамтиды, ол тек бір рет енгізіледі және тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті жәдігерінің бірі болып табылады. Көрмеде Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған ақша белгілері мен монеталар коллекцияларының мысалында және нумизматтың жеке коллекциясында ақша қатынастарының дамуымен, сондай-ақ Ұлттық валютаның қалыптасуы және даму жолымен танысуға болады,– деді музейде.

Іс-шараның спикерлері ретінде нумизмат, коллекционер Төлеген Қалиев, ҚР ММ Ұлттық Банкі Павлодар филиалы қолма қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Еркебұлан Бегежанов, Торайғыров университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Алма Мусина шақырылады.