Павлодарлықтарды стендап фестивалінің тыңдарманы болуға шақырады

Павлодарлықтарды стендап фестивалінің тыңдарманы болуға шақырады
Фото: pexels.com

Әзіл сүйер қауым үшін кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2 желтоқсанда Павлодар қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығында «StandUp фестиваль 2023» өтеді.  Алдын ала іріктеуден өткен үздік материалдар сахнада айтылатын болады. Фестивальдің жүлдеқоры–200 мың теңге. Ол ақша ең үздік стендапер атағына ие болған тұрғынға беріледі. 

Тыңдап, көрем деушілер үшін кіру тегін. Фестиваль кешкі сағат 18:00-де, Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша өтеді.