Павлодарда қарағандылық суретшілер көрме ұйымдастырады

Павлодарда қарағандылық суретшілер көрме ұйымдастырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар түрлі әдістері қолдана отырып, бірегей авторлық графика техникаларын таныстырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

7 қазанда сағат 12:30-да Н.Нұрмұхамедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Шахтинск квартеті» атты көрменің ашылуы өтеді. Көрмеде Жаңабек Жұмабеков, Елена Нивиденская, Ерсін Темірғалиев, Наталья Сайгушеваның шығармашылығы ұсынылған. Төрт суретшіні Шахтинск қаласындағы Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебіндегі ұстаздық қызметі біріктірді. 

Олар  Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің түлектері. Республикалық және облыстық жас суретшілер байқаулары мен көрмелерінің қатысушылары және жүлдегерлері. Қылқалам шеберлері силиконды қолдана отырып, бірегей авторлық графика техникасын көрсетеді,  киізден жасалған таңғажайып туындыларын, мүсін, кескіндеме және графика бағыттары көрініс тапқан еңбектерің, тушь, соус, пастельмен орындалған графикалық жұмыстарын ұсынады.