Павлодарлық Аурика Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары атанды

Павлодарлық Аурика Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары атанды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

- Мемлекет басшысының өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, - деді баспасөз қызметінде. 

Аурика Дяк мектепте педагог болып еңбек еткен. 1993 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. 1997 жылдан бастап құрылыс материалдарын сатады. Қазір «Империал» сауда брендінен бөлек, қонақ үй бизнесімен және тұрғын үйлер салумен айналысады. 

Сондай-ақ Аурика Дяк Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Павлодар облыстық филиалының және Павлодардағы «Буковина» румын-молдавалық этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Одан бөлек, ол 6, 7 шақырылымдағы Павлодар қалалық және облыстық мәслихаттарының депутаты болған.