Павлодарда борышын өтеуге келген сарбаздар қызметтеріне кірісті

Павлодарда борышын өтеуге келген сарбаздар қызметтеріне кірісті

Сарбаздар оқу-жаттығудан кейін жауынгерлік қызметке кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№6679 әскери бөліміне  жаңадан қабылданған Шығыс Қазақстан,  Ақмола, Қызылорда облысының жас сарбаздары алғаш рет жауынгерлік қызметтеріне  кірісті. Бір айлық оқу-жаттығуларынан өткен ұландар міндеттерімен танысты. 

Ардагер Сабыр Қамиұлы жас сарбаздарға ізгі-тілегін білдіріп, алдағы жауынгерлік қызметтеріне сәттілік тіледі.

Жауынгерлік міндетін атқарып жүргендердің бірі – Әлжан Рахатұлы әскери борышын өтеуге еліміздің оңтүстік өңірінен келген. 

– Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы мен парызы. Қатарластарым еліміздің тыныштығы үшін көз ілмей қызмет ететіне сенемін, – деді Әлжан Рахатұлы.

Айта кетейік, аталған бөлімдегі сарбаздар қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты Павлодар қаласындағы екі мекемені күзету жұмысын атқарады.

Фото: №6679 әскери бөлімі