Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Аудандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайы бойынша дәстүрлі жәрмеңкесі өткізіледі.
Оған Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданда ұйымдастырылады.