Павлодарлық балалар буллинг туралы тікелей білім бөлімінің басшысына хабарлай алады
Қорлықтың құрбаны болған балалар сенім телефонына хабарласып, жағдайын айта алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар арасындағы агрессия, қорлау немесе буллингтің «құрбаны» болу фактілері туралы ақпарат болса, жедел желі хабарласуға болады. Айта кетейік, балалар қалалық білім бөлімнің басшысына тікелей жаза алады.
– Бұл мақсатта өз нөмірімді кез келген көмекке мұқтаж адамдар үшін қалдырып отырмын. Кейбір балалар мектеп әкімшілігімен өз оқиғасымен бөліскісі келмейді, сондықтан ұялы телефон нөмірімді ата-аналар мен балалар жазу үшін жариялап тұрмын. Болашақта жеке корпоративтік нөмірді енгізуді жоспарлап отырмыз, – деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
8 (7182) 30-14-97 сенім телефонына қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады. Сондай-ақ, қалалық білім беру бөлімі басшысына 8 (775) 327-96-85 телефоны бойынша тікелей хабарласа алады.