Павлодарда испан әуендерінің кеші өтеді

Павлодарда испан әуендерінің кеші өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Концертте джаз элементтері бар классикалық фламенко шырқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

2 мамырда кешкі сағат 19:00-де музыкалық колледжінің концерт залында оқу орнының 65 жылдығына арналған кеш өтеді. «Nuevo Flamenco» атты кеште  классикалық испан әуендері джаз, поп және рок элементтерінде орындалады. 

Сахнада Қарағандыдан келген перкуссионист Владислав Зотов өнер көрсетеді. Ол Испанияда 7 жыл фламенко музыкасын оқыды. Музыкант перкуссионист Пако де Люсиядан сабақ алып, Қазақстанда да, шетелде де көптеген ұжымдармен жұмыс істеді. 

Астанадан келген гитарист, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі және «Astana Jazz Festival» ұйымдастырушысы Александр Геер де кешке қатысады. 

Барлық ниет білдірушілер үшін кіру тегін.