Павлодарлық баскетбол жаттықтырушылары жаңа білім алды

Павлодарлық баскетбол жаттықтырушылары жаңа білім алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аймақта өңірлік оқу-практикалық семинар өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақтық дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының мәлімдеуінше, «Альжан» қоғамдық қорымен бірлесіп, мектептер, колледждердің дене шынықтыру оқытушылары мен төрешілеріне, жаттықтырушыларына арналған баскетбол бойынша өңірлік оқу-практикалық семинар өткізді.

Семинар жұмысына облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 140-тан астам педагог қатысты. Шақырылған сарапшы жоғары санатты ұлттық судья, ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының бас төрешілер алқасының төрағасы Александр Артюшихин қатысты. Семинар теориялық және практикалық бөлім бойынша өтті, теориялық бөлімде ережелердегі өзгерістер, цилиндр принципі, спорттық емес бұзушылықтар тақырыптары қарастырылды.