Павлодарда көпқабатты үйде болған өрт жарты сағат ішінде сөндірілді

Бірнеше балкон өртенген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өрт сөндірушілер Торайғыров көшесіндегі тоғыз қабатты үйден 162 адамды, оның ішінде 65 баланы эвакуациялады. 54 адам өз бетінше көшеге шықты.
– Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт 34 минутта сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді, – деп мәлім етті «112» қызметі.
Өртті сөндіру жұмыстарына Павлодар облысы ТЖД басшысы Рустамбек Амрин жетекшілік етті. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады.
«112» пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.