Павлодарлық футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті

Павлодарлық футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті
Фото: Ольга Бугаева

Бұл шараға футбол федерациясы да қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» футбол клубы мен Павлодар областьқ футбол федерациясы «Күшіміз бірлікте» республикалық акциясына қатысты. Олар Петропавл қаласындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетті.

– Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жақын арада отбасыларымен үйлеріне қайта оралуын тілейміз, – дейді футболшылар. 

Айта кету керек, олар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақыларына қажетті заттарды сатып алды.