Павлодарлық базарлардың бірінде сиыр етінің бағасы заңсыз өсірілген

Павлодарлық базарлардың бірінде сиыр етінің бағасы заңсыз өсірілген
Фото: Константин Шелков

Бұл тексеріс кезінде анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сиыр етінің жауырыны әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енеді. Бұл өнім үшін сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс. 

Облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері жүргізген жоспарлы тексеру жұмыстары кезінде сиыр етінің бағасы 22 пайызға өскенін анықтаған. 

– Кәсіпкерлер көбінесе картоп, қарақұмық, күріш, қант сияқты өнімдердің бағасын шарықтатып жібереді. Саудагерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне не кіретінін біле бермейді, – деді департамент басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірова.

Әлеуметтік маңызы бар тізіміне ұнтақталған күріш кіреді. Тиісінше, өндірушіге және сауда атауына қарамастан тегістелген дөңгелек дәнді күріштің барлық түрлеріне сауда үстемесін сақтау қажет.

Биыл мамандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін асыру деректері бойынша 104 тексеру жүргізді. 29 жағдайда картоптың жоғары бағасы анықталды, ал кей сауда нүктелерінде көкөніс құны екі есе өсті.

Сауда қызметін реттеу туралы ҚР Заңын бұзғаны үшін барлығы 102 сауда нүктесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғындар тауарлардың күрт қымбаттағанын байқаса,  салалық мемлекеттік мекемеге шағым түсіре алады. Ол үшін фотосурет, түбіртекті қосып, Е-otinish бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру қажет. Сондай-ақ 8-7182-55-10-70 сенім телефоны бойынша қоңырау шалуға болады.