Павлодарда жүргізуші бағдаршам мен жол белгісіне соғылды

Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кешкі 17:00-де Назарбаев даңғылы, 89 үйіне қарама-қарсы жерде Фольксваген және Лада приора маркалы автокөліктер соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан Лада приора көлігі бағдаршам, жол белгісіне және қоршауға соғылды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, – деді департаментте.
Көліктер айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.