Павлодар «Ирина Кайратовнаны» жаңа альбомға шабыттандырды

Павлодар «Ирина Кайратовнаны» жаңа альбомға шабыттандырды
Фото: Bizmedia.kz

Топ «XIV» альбомын шығарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ирина Кайратовна» тобы көптен күткен «XIV» альбомын таныстыруға дайындалып жатыр. Альбом атауы Қазақстанның 14-аймағына — Павлодар облысына сілтеме жасайды деген болжам бар. Топ мүшелерінің туған жері де осы өңір, соның ішінде топтың көшбасшысы Алдияр Жапарханов - Павлодар облысының тумасы.

Жаңа альбомның шығуына орай Яндекс Музыкамен бірлесіп жабық тыңдалым кеші өтеді. Онда жанкүйерлер альбомды ресми релизге дейін алғашқылардың бірі болып тыңдай алады. Іс-шара 9 шілдеде Алматыда өтеді.

Жабық кешке қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін: плюс жазылымын белсендіру қажет (жаңа қолданушылар үшін IK14 промокоды алғашқы 30 күнді тегін ұсынады) және «XIV» альбомына пресейв жасау керек. Сонымен қатар «Ирина Кайратовна» тобының бұрынғы әндерін тыңдау билет ұтып алу мүмкіндігін арттырады.

22 маусым мен 6 шілде аралығында билеттер Яндекс Музыкадағы топтың парақшасында кезең-кезеңімен жарияланып отырады. Сондықтан орындаушының парақшасын күн сайын тексеріп, «Билетті алу» батырмасын уақытында басып үлгеру қажет. Ең ірі билет дроптары туралы қосымшадағы push-хабарламалар мен басты экран арқылы хабарланады.

Орын саны шектеулі болғандықтан, шақыру билеттері ең жылдам жанкүйерлерге беріледі.