Павлодарлық дәнекерлеушіні Қытайда үздік деп таныды

Павлодарлық дәнекерлеушіні Қытайда үздік деп таныды
Фото: Павлодар облысының білім басқармасы

Тағылымдама екі аптаға созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Колледждерге арналған ERG» жобасы аясында ұйымдастырылған тағылымдаманың қорытындысы колледж студенттері, ERG тобының кәсіпорын қызметкерлері және Қытай елінің студенттері қатысқан кәсіби шеберлік байқауы болды.

Дәнекерлеу технологиясы құзыреті бойынша барлық үш орынды қазақстандық студенттер иеленді.

Осы құзыреттің үздігі болып тағылымдамаға қатысқан жалғыз қыз дөң тау-кен байыту комбинатының өкілі Райхан Наркенова атанды. Екінші орынды Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінен келген Дмитрий Москалев, үшінші орынды Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Руслан Мартын иеленді.

Токарлық іс бойынша екінші орынды Нұртас Балмағанбет иеленсе, үшінші орын Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Вадим Колесов пен «ERG Service» қызметкері Радик Абусевке бұйырды.

– Электромонтаждау және промавтоматика құзыреті бойынша Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Димитрий Старицын екінші орынды иеленді. Слесарлық іс бойынша үшінші орынды Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Максим Малахов, Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері Әсет Әбілов және Павлодар алюминий зауытының қызметкері Данил Симушкин өзара бөлісті. Бірінші орынға Павлодар алюминий зауытының өкілі Изергин Станислав ие болды, – деді облыстық білім беру басқармасында.

Ведомствода атап өткендей, тағылымдама нәтижесінде әрбір қатысушы халықаралық үлгідегі сертификат пен үлкен кәсіби тәжірибе алды.