Павлодарлық жасөспірімдер Ақмола облысынан жүлдемен оралды

Еліміздің барлық өңірлерінен 382-ден астам жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 19-23 ақпан күндері Щучинск қаласында 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
– Қорытынды кезеңге өңірімізден 15 жобаға 19 оқушы қатысты. Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, медицина, психология, экология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, технология және өнер бағытында 7 секция бойынша өткізілді, – деді «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Гүлшат Бейсембаева.
Конкурстың қорытындысы бойынша №39 жалпы орта білім беру мектебі 4- сынып оқушысы Богдан Питраков, №17 жалпы орта білім беру мектебінің 4- сынып оқушысы Айым Ақсакова, №26 гимназия-мектебінің оқшылары Кәмшат Темірова және Дамир Қуанышев, Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқшысы Сабрина Казанцева, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқшысы Дария Аңсаған, Заря жалпы орта білім беру мектебінің оқшысы Мұстафа Қыстаубайұлы бірінші орынды қанжығаларына байлады.