Павлодарлық дәрігерлер белсенді түрде сауықты

Павлодарлық дәрігерлер белсенді түрде сауықты
Фото: SENIM кәсіподағы

«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы дәстүрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында денсаулық сақтау қызметкерлері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті. Облыстық, қалалық және аудандық денсаулық сақтау ұйымдарынан 36 қызметкер – он ерлер және сегіз әйелдер командасы қатысты.

Спортшылар тамаша тактикалық және физикалық дайындықты, сондай-ақ командалық ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар келесідей анықталды: ерлер командалары арасында Павлодар қаласының №3 емханасының ойыншыларынан артық команда табылмады, Павлодар жоғары медициналық колледжінің командасы күміс, Ақтоғай аудандық ауруханасының командасы қола жүлдені иеленді.

Әйелдер командалары арасында Ақтоғай аудандық ауруханасының командасы жеңіске жетті. Екінші орын Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына бұйырса, қола жүлде Павлодар қалалық №1 ауруханасының командасына бұйырды.

Сонымен қатар, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық филиалы шағын футболдан дәстүрлі облыстық турнир ұйымдастырды. Жеті команда бақ сынады.

Алдымен әр аудан мен қаладан үздік екі команда анықталып, жартылай финалға жолдама алатын командалар анықталды. «DARIGER» мен Шарбақты аудандық ауруханасы командалары финалға шығып, алтын медальға таласты. Тартысты ойында «DARIGER» жеңіске жетті. Ақсу қалалық ауруханасы үшінші орынды иеленді.