Павлодарлық NEET санатындағы жастарды мотивациялық конкурсқа шақырады

Павлодарлық NEET санатындағы жастарды мотивациялық конкурсқа шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өтінімдер 2023 жылдың 22 қыркүйегіне дейін қабылданады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

NEET санатындағы жастарға арналған «Әрекет уақыты» мотивациялық конкурсын «New vision team» ҚҚ өткізеді.

Байқаудың мақсаты – өңірдегі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 18-ден 35 жасқа дейін 15 жас азаматты тегін оқыту.

Қатысу үшін өз өтінімдеріңізді мотивациялық жазбаша жұмыстар түрінде жолдау қажет (толығырақ профильдің басында «конкурс ережесі» сілтемесінде қараңыздар).

Жұмыстар nvt_kz@mail.ru e-mail поштасына қабылданады, байланыс телефондары: 87474066460

Жеңімпаздар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқуға арналған ваучерлермен марапатталады.